ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТЕТІН ҚИССА.
Бірде бір кісінің қарызы көбейіп, қарыз берген адамдар қыспаққа алып, қарызын өтеуді талап етеді. Сосын әлгі кісі қарыздарын өтеу үшін бір бай саудагерден белгілі бір уақытқа дейін бес жүз динар сұрап барады. Сонда әлгі саудагер қашан өтейтінін сұрап, уақытына келіскен соң, сұраған ақшасын береді. Бес жүз динарды қарыздарына таратып қолында еш ақшасы қалмаған міскін, бес жүз динарды өтейтін уақыт келгенше қиналып өзін қоярға жер таппайды.
Қарызды қайтаратын уақыт та келіп жетеді. Сонда әлгі бес жүз динардың егесі келіп қарызын беруді талап еткенде, әлгі міскін Алла атымен ант ішіп ақшасы жоқтығын айтады.
Сонда қарыз берген кісі қолынан жетектеп қазыға апарып шағымданады. Қазы неге қарызын өтемей жүргенін сұрағанда, әлгі кісі ақшасы жоқтығын ескертеді. Қазы қамауға алуға бұйырғанда, әлгі міскін:
- Уа, қазеке! Мені бір күнге жіберсеңіз, мен ағайын-туысыммен қоштасып келейін.
- Сенің қайта келуіңе кім кепіл, мен сені қамауға алуға бұйырып қойдым ғой?
- Алланың елшісі(салааллаһу ьəлəйһи уə сəллам) кепіл. Егер, келмесем мені пайғамбарымыздың үмметінен емес деп куәлік беріңіз.
Бұл кепілдіктің құны қаншалықты жоғары екенін түсінген қазы, әлгі кісіні ертеңге дейін босатуға бұйырады. Жігіт әйеліне барып қазының үкімін айтып, әйелі қалай босатқанын сұрағанда:
- Пайғамбарымыздың(салааллаһу ьəлəйһи уə сəллам) кепілдігімен шықтым.
- Бір Аллам сені сақтаған екен. Ақыры Пайғамбарымызды(салааллаһу ьəлəйһи уə сəллам) кепілдікке қойып шығыпсың, кел пайғамбарымызға салауат айтайық - деп пайғамбарымызға салауат айтып отырып ұйықтап кетеді. Сонда түсіне Пайғамбарымыз(салааллаһу ьəлəйһи уə сəллам) кіріп:
"Ей, қарызға батқан жан! Таң атса уәлиге (мұсылмандардың қазынасына жауапты кісі) барып айт, сенің атыңнан қарызыңды өтесін және менен сәлеме айт. Егер, сенбей жатса менің екі дәлелім бар де. Ол не дәлел екенін сұраса, ол күніге түнде маған мың рет салауат айтатынын айт, бірақ соңғы түні қателесіп тоғыз жүз тоқсан тоғыз рет салауат айтты, бірақ мен оны мың қылып қабыл алдым, осыны барып айт", - дейді. Таң атып, ұйқыдан оянған жігіт тіке уәлиге барып:
- Пайғамбарымыз(салааллаһу ьəлəйһи уə сəллам) саған сәлем айтып жатыр және менің қарызымды өтесін дейді.
- Сенің рас айтып жатқаныңа не дәлел?
- Менің дәлелім сен күніге түнде пайғамбарымызға(салааллаһу ьəлəйһи уə сəллам) мың рет салауат айтасың, бірақ соңғы түні қателесіп тоғыз жүз тоқсан тоғыз рет айтып едің, пайғамбарымыз(салааллаһу ьəлəйһи уə сəллам) оны мың етіп қабыл алды - дейді. Сонда өзін ұстай алмаған уәли жылап жіберіп, бәйтул малдан (мұсылмандардың қазынасы) бес жүз динар алып беріп, өз қалтасынан екі мың бес жүз динар беріп, қазыға баруын бұйырады. Әлгі міскін қазыға барғанда, қазының сағынышпен асыға күтіп отырғанын байқайды. Сонда қазы: "Кел жақында! Сенің берекетіңмен пайғамбарымызды(салааллаһу ьəлəйһи уə сəллам) түсімде көрдім", - деп қасында дайындап қойған бес жүз динарды міскінге беріп, қарыздарын өтеуді сұрайды да: "Мен түнде пайғамбарымызды(салааллаһу ьəлəйһи уə сəллам) көрдім, ол маған егер сенің қарызыңды өтесем қияметте маған кепіл болатынын айтты", - дейді. Әлгі міскін орнынан тұрып кетейін деп жатқанда, есіктен бес жүз динарды қарызға берген кісі кіріп келіп міскінді құшақтап: "Сенің берекетіңмен пайғамбарымызды(салааллаһу ьəлəйһи уə сəллам) көрдім, егер қарызды кешірсем, мені қияметте кешіретіндерін айтты. Барлық қарызды кештім, қосымша міне саған бес жүз динар алып келдім", - деп құшақтап қысып кешірім сұрап көз жасын тоқтата алмай қала беріпті.
Бауырлар, біздің көп мән бермей ғапылдықта жүрген нәрсеміз, ол Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтуға немқұрайлы қарауымыз. Жәй кездері болсын, қиналған кездері болсын салауатты тоқтатпайық! Алланың атымен ант ішіп айтам, жемісін көресіздер. Оған қатысты қаншама хадистер мен ғалымдардың өмірі дәлел.
Жанболат Сапашевтың фб парақшасынан алынды.
Аллаһуммә солли ьәлә сәйидинә Мухаммад - кемінде 10 рет қайталаңыз!